Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі комиссия Павлодар облысында жұмыс істейді

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі комиссия Павлодар облысында жұмыс істейді
Биыл көтерме жеткізушілер мен сауда нүктелері арасындағы бірқатар делдалдық буындар жойылды.
Өңір басшысының тапсырмасымен жұмыс істейтін комиссияның аралық нәтижелері туралы экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жоламан Қиналбеков айтып өтті. Оның айтуынша, делдалдар санын азайту әлеуметтік маңызы бар тауарлардың түпкілікті бағасының төмендеуіне ықпал етті. Биыл Павлодар облысында баға қалыптастыру тізбегінен 16 артық делдал алынып тасталды. Мысалы, шілде айында бір кәсіпкер тауарды көтерме бағамен сатып алып, 15 пайыздан жоғары үстемемен сатқан. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Комиссия әсіресе әлеуметтік нысандарға арналған мемлекеттік сатып алулар кезінде азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеуге ерекше назар аударады.
— Біз мемлекеттік сатып алу порталындағы бағаларды нарықтағы бағамен салыстырамыз, — деді @pavlodar.rsk спикері. — Егер баға шектен тыс жоғары болса, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хат жолдаймыз. Олар тексеру жүргізіп, мекемелер сатып алу бағасын қайта қарайды. Осылайша артық шығынның алдын аламыз.
Талдау нәтижесінде сатып алу бағалары қайта қаралып, мемлекеттік бюджеттен 10 миллион теңге үнемделді.
_____
Комиссия по недопущению необоснованного роста цен работает в Павлодарской области
В этом году удалось устранить ряд посреднических звеньев между оптовыми поставщиками и торговыми точками.
О промежуточных результатах комиссии, которая действует по распоряжению главы региона, рассказал и. о. замруководителя Жоламан Киналбеков. По его словам, уменьшение числа посредников способствовало снижению конечных цен на социально значимые товары. В этом году в Павлодарской области уже исключили из цепочки ценообразования 16 лишних посредников. К примеру, в июле один из предпринимателей закупал товар по оптовой цене и продавал с наценкой выше 15 процентов. Ему назначили штраф в 10 МРП.
Особое внимание комиссия уделяетпредотвращению завышения стоимости продуктов при государственных закупках для социальных учреждений.
— Мы сравниваем цены на портале



